Айлық архив: сәуір 2014

Ботаникалық бақ

Бұл Қазақ елінің өсімдік әлемі жинақталған бірден-бір ғажайып жер Алматының көруге таңсық көрікті ғажаптарының бірі – Ботаникалық бақ. Бұрыннан солай болған, қазір де солай. Алатаудың еңісі жазылған дәл етегінде. Қос қапталынан қатар туған ай мен күндей, оңында – Қазақ Ұлттық университеті, сол жағында – «Атакент». Жоғарысында ағындаған әл-Фараби даңғылы. Төменінде ...

Толығырақ »

77 жасында музей жасақтаған меценат, ұлттық өнер жанашыры Кәрім Өтеғұлов туралы сыр

Сыр бойындағы әріптес ініміз Ержан Байтілестің бұдан сәл бұрын газетімізде жарияланған «Ақсақал іздеп жүрмін» атты ойлы мақаласын сүйсіне оқып шықтым. Мұнда автор пайғамбар жасынан баяғыда асып кеткен бірқатар аға буын өкілдерінің жергілікті басшыларды олардың көзінше асыра мақтаудан немесе орнынан кеткендерін түк бітірмеді деп даттаудан әрі аса алмай жүргендерін көркем тілмен ...

Толығырақ »

Чемпион болар ма еді?..

Бақыт Сәдеков жасы жетпіске таяп қалса да өте тың. Жүзінде бір әжім жоқ. Жүріс-тұрысы да жеңіл. Табиғатынан ұқыпты, кірпияз адам көрінді маған. Кездескен сайын өз кәсібі туралы, оның қыр-сыры жайлы кеңінен әңгімелейді. Өзі басынан кешіп, тағылым алып отырғаннан кейін бе, нақты мысалдар келтіріп, нанымды айтады. Бір кездері шаруашылық тарағанда «базары» ...

Толығырақ »

Үйін ит емес, түйеқұс күзетеді

Әлгі америкалық мультфильмдерде көрсететін түйеқұс есіңізде шығар. Көпшілік айтатынындай, құмға басын тығып тұрып алатын ше? Өзі есерсоқтау көрінетін анимациялық фильмдердің осы бір кейіпкерін көрсе бала біткен ішек-сілесі қатқанша күледі. Түйедей болған құстың басын құмға сұғып жіберіп, тығылған кейіп танытқаны күлкі шақырмай тұрмайды енді. Міне, сондай түйеқұс Қызылорданың Қазалы ауданында бар ...

Толығырақ »

Мейрамхана қожайыны

Осы бір оқиғаны айтқан жігіттің әңгімесі менің есімнен еш шыққан емес. Мына өмірде біздің жүріп өткен жолымыз – пәнидегі пиғылдарымыз бен ниетіміздің көшірмесі. «Жақсылық көрсем де – өзімнен, жамандық көрсем де – өзімнен» деген екен бұрынғылар. Ал төмендегі оқиғаны мен кейіпкерімнің сөзімен қаз-қалпында баяндап көрейін. …Мен осы жыртыңдаған қыз атаулыны көрсем жыным ...

Толығырақ »

Арабтар неге өз сандарын қолданбайды?

Бүгінгі күні барлық әлем сандық көрсеткіштерді араб цифрларымен жазады. Цифрды бүкіл әлем бізден алған деп олардың мақтануына да болатын жағдай. Алайда, өздері… өздері бүкіл әлем қолданатын өз цифрларын қолданбай, сандық көрсеткіштерді басқаша таңбалайды. Онысы несі екен деп осы мәселені араб елдеріне іссапарға барған сайын ойланушы едік. Енді соның сырын Интернет ...

Толығырақ »

Насыбай

Арқабайдың баяғыда әскерде жүріп тапқан «пайдасының» бірі темекі деген нәрсені үйреніп келгені еді. Елге оралған соң езуінен шылымы түспейтін болды. Қораның шарбағын жөндесе де, көлігінің дөңгелегін ауыстырса да басын бір жағына қисайтып езуіндегі шылымын тілімен екі жағына кезек ауыстыра, аузын ошақ, мұрнын мұржа етіп көк түтінге көміліп отырғанын көресің. Өтпелі ...

Толығырақ »

Тұлға

2000 жылдың тамыз айында елді елеңдеткен елеулі оқиға болды. Осы кезге дейін республикамыздың Жоғарғы Сотының тізгінін ұстап келген Мақсұт Нәрікбаев отставкаға кетті. Бұл оқиға әртүрлі алып­­­қашты әңгіменің өзегіне айналды. Сол әңгімелердің негізі Нәрікбаевтің қызметімен қоштасуы ғана емес, одан қалған орынтақтың кімге бұйыратыны туралы болжамдар төңірегінде өрбіді. Дегенмен, ел арасындағы топшылаулар ...

Толығырақ »

Өмірдің құны

Ақын, аудармашы, журналист Алмат Исәділ ҚазҰУ-дің журналис­тика факультетінің түлегі. Өлеңдері «ХХІ ғасыр поэзиясының антологиясы» ұжымдық жинағына енген. Сондай-ақ, ол «Жолдар, жолдар…», «Көкжиекке сіңген жол», «Мен – қазақтың баласы» кітаптарының авторы. Алмат Исәділ. Қазақстан Бір Алла атты теңдессіз ғажап ұстаның, Бойына жиған имани тазалық нәрін. Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның, ...

Толығырақ »

Уақыттан озған қиялгерлер

Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. «Таңғы шықтың» палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – Төлеу Шаханов пен Төлеш Шахановтың «Тірі көз» аталатын ғылыми-фантас­тика­­лық ...

Толығырақ »