Айлық архив: қазан 2015

Бір партия – бір арман

немесе Қытай Компартиясының мән-маңызы мен мақсат-міндеттері туралы Серпіні мықты серіктес Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен және де басқа қытайлық шенеуніктермен, мемлекеттік компаниялар өкілдерімен кездесті. Жапонияға қарсы соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты. Мемлекеттік сапардың тағы бір ...

Толығырақ »

Қор болған қос кәсіпкер

Бұл ерлі-зайыпты кісілер «Егеменге» сонау ерте көктемде келген болатын. Біреулерге сеніп, сан соғып қалып, үлкен шығынға батқан қос кәсіпкердің мұңын тыңдап, құжаттарымен танысып, басымызды шайқағанбыз. Сөйтіп, әділдік іздеп келген ақ жаулықты ананың тірлігіне араша түспекке бел байлап, ақшасын алып, үй соғып беремін деп алдап кеткен жанға телефон шалдық. Обалы не ...

Толығырақ »

Шоманды «жаман»  қылу кімге қажет?

Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінде Шоман атты ауыл бар. Ауылдың өте ертеден келе жатқан, кеңес дәуірі де өзгерте алмаған бұл атауы осы өңірдің атақты тұлғасы, «қара қылды қақ жарған» қазыналы биі, бабамыз Шоман Қазанұлының есімімен байланысты. Шоман Қазанұлы 1751 жылы Баянауылда туған. Баянауыл округінде старшина, кейін би болған. Баянауыл округінен ...

Толығырақ »

Бейбіт өмірдің қадірін соғыс көрген адамдар жақсы түсінеді

Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан ЕРТАЕВПЕН әңгіме – Бақытжан аға, еліміз тыныш, хал­қымыз аман. Бей­біт кезеңде өмір сүріп жатқа­ны­мызға тәубе етеміз. Сіз от пен оқ­ты, қауіп пен қатерді бастан кешкен адамсыз. Бейбіт күннің қадірін білу үшін соғыстың қаншалықты қасіретті болатынын ұғыну керек шығар? Соғыс деген не? – Еліміз Отан үшін ...

Толығырақ »

Мәскеу музейіндегі сурет

Мәскеу… Қызыл алаң… Мерекелі мамыр қарсаңы… Мемлекеттік тарихи музей… Кремль кіреберісінде орналасқан осынау мәдениет ордасында ашылған «Жеңіс» атты айтулы көрмені алғашқы көрермендермен бірге тамашалап, көңілге түрлі ой түйген едік. Мұндағы мыңдаған экспонаттармен танысу барысында еріксіз мұңға батады екенсің. Соғыс сойқандары таңбаланған талай құжаттарды табасыз бұл арадан. Кеңес солдаттары мен неміс ...

Толығырақ »

Жанкүйер

Бейжіңдегі кездесу 2008 жылғы 15 тамыз. Қытай астанасы Бейжіңде Жазғы Олимпиада ойындарының қызған шағы. Әзірше Қазақстан қоржынында бірде-бір алтын медаль жоқ. Үміттенген қыз-жігіттер алтынға жетпей күміс, қоланы қанағат тұтуда. Өскеменнен келген Ольга Рыпакова төртінші орынды алған кезде қатты өкіндік. Ендігі үміт – боксшыларда. Дәл сол күні Бейжіңнің салтанаты келіскен спорт ...

Толығырақ »

Қорған  құпиясы 

Атырау аймағы тарихын қойнауына жасырып жатқан киелі өлкенің бірі. Аймақтың сонау сарматтар кезеңінен бастап сыр шертерлік құнды мұралары бар екені белгілі. Ондағы қазақ этнографиясы кезеңінің ескерткіштерін кешенді зерттеу белгілі бір дәрежеде жолға қойылып, ғажайып архитектуралық ескерткіштері елімізге танымал болды. Соның бірі облыстық тарихи өлкетану мұражайының «Беғазы-Тасмола тарих және археология ғылыми ...

Толығырақ »

Шығанақтан шыққан екеу

– Сен осы қалып дегеннің не екенін білесің бе өзің, бала?– деді Әбең.  – Орысшасы «форма» немесе «формовка» болса керек, аға…  – «Формовкаңды» біз де білеміз… «Қан мен терге» материал жинау үшін Мәскеудегі әдеби қордан ақша алдым. Қыруар ақша. Сол ақшаға кітап жазатын материал емес, үй салатын материал сатып алдым. ...

Толығырақ »

Қарыз

Сауал мен зауал Расында, қарыздың қай түрі де оңай емес. Оның ішінде, фәниден бақиға аттанғанда қарыз жүгін арқалап кетуден Алла сақтасын дейсің, әрине. Осыдан біршама жыл бұрын болған оқиғаны ортаға сала кетейік. Ел ішінде ауыл үйі қатар қонған қоңсы жұрт бір-бірінен қарызды ақшамен де, малмен де алып жатады. Сондай бір ...

Толығырақ »

Академик

Қасқабасов мәдениеттануы: мерейтойдан кейінгі толғаныс «Оқымысты» атты жинаққа енген «Менің Қасқабасовым» («Мой Каскабасов») деген мақаласында Мәскеу мемлекеттік университетінің Халықаралық білім орталығы тағылымдамалар және оқытудың қысқа мерзімді үлгілері бөлімінің бастығы В.Частных былай деп жазады: «Сейіт Асқарұлы Қасқабасов – кемеңгер ғалым әрі керемет жақсы адам. Мен онымен ежелден ежеттеспін деп мақтана алмаймын, ...

Толығырақ »