Емші

емшиАсыл дінімізге қара күйе жағылып, оның әлем елдеріне жексұрын етіп жарнамалануы, оған қосымша өз ішімізден жат ағымдарды насихаттап, бұрын-соңды берісі қазақ, әрісі мұсылман жұртының ұғымында болмаған түсінік пен  тұрмысына сіңбеген дәстүр-танымдарды ұстанатын қандастарымыздың бағыты жүрекке жүк түсіріп, көңілге алаң кіргізіп тұрғаны анық. Оның үстіне «емшімін» деп ел аралап, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «маған келіңіз» деп жарнама жасап, өте ірі көлемде алаяқтықпен пайда көксеп, кей жерлерде ем жасаймын деп көрікті қыз-келіншектерді әртүрлі жолдармен өзі иемденіп, тіпті емдеймін деп адам өлтіріп алып жатқан «емшілер» ел арасында сыңсып жүр.  Осындайда  «апыр-ай, өзге нанымдағылар былай тұрсын, тіпті, дін мұсылман баласындағы әулие-әнбиелерді, ұлы ғұламалар мен айтулы емсек-көріпкел бабаларды айтпағанда, Маңғыстаудағы Пір Бекет атаны берген Алла тағала қазіргі кезеңге  шынайы, аңыздай етіп айтуға тұратын әруақ қонған пендені бермегені несі екен? Бұл ел ішіндегі азғындық-алаяқтыққа, саналық тұрғыда өскен сайын имани тұрғыда әлсіреген адамзатқа деген Жаратқанның жиіркеніші немесе реніші емес пе екен?» деп ойлайтыным бар еді.

Әйгілі Тасқара, марқұм болған Тұқымбай, Мерген емшілердің соңын алып Айдан ишанның тұқымы Орынжан, атағы жер жарған жетібайлық бала Нұрбек, Қаламқас, Айша, Сәнтөре, Сырғалай, Амангүл, Айнұр сынды көріпкелдер мен емшілер шыққан киелі Маңғыстауда соңғы жылдары Әмірхан атты емшінің есімі ел аузында жүр. «Ақшұқыр деген ауылда Әмірхан деген керемет емші жігіт бар екен. Жаман аурумен ауыратын бәленшенің бауыры айығып кетіпті» немесе «бірнеше жыл арбаға таңылған құдашамыз қазір ортада ортекеше орғи билейтін той-мерекенің гүлі» деген сынды әңгімелердің неше алуан түрі дүркін-дүркін естіліп жатады.

Біраз уақыт таңғажайып әңгімелерді тыңдап, сырттай сыралғы болып жүрген маған ел-жұрттың алғыс-ризашылығына бөленген емші жігітпен танысу сәті кешегі қыркүйектің қоңыр салқын күндерінің бірінде түсті. Иманжүзді, кішіпейіл жігіт өзіне емделуге бір күнде келген 1500-2000 адамды ұшықтап, алдын ала жазылғандарға жеке қабылдау жүргізіп жатыр екен. Мен ол кісінің өзімен емес, алдымен емделуге келген адамдармен тілдесуге тырыстым. Көрпеге, алашаға салып, алты жағынан жі­гіттер қаумалай көтерген мүгедек кісілер, жанашыры қолынан жетектеген зағиптар, қант диабетіне шалдыққандар мен әртүрлі онкологиялық сырқатты жандар, бір перзентке зар болған келіншектер ығы-жығы. Сал, дауна, туабітті көз катарактасы, жүрек ақауы, тағы басқа алуан диагнозбен келген балалардан көз тұнады. Осынша адамның бәрі тек Маңғыстау өңірінен келіп жатпаған екен, дертіне шипа іздеп Ақтөбе, Орал, Атырау, Қызылорда, Шым­кент, Алматы, Астана қала­ларының тұрғындары да жүр. Сөйтсек, Қазақстан қалаларының өкілдері үшін таңғалудың қажеті жоқ болып шықты, бұл жерге Қытай, Ресей, Түрік­менстан, Өзбекстан, Кипр, Италия, Греция, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея сынды шетелдердің азаматтары да келген екен. Соңғы кездері Әмірхан емшінің алдына келген онкологиялық аурумен ауы­ратын 45 адамның 41-і айығып кетті дегенді естіп, сенер-сенбесімді білмедім және оны анық­тап, нақ­тылай түсу үшін көп адамның арасынан дәл осы жандарды із­дедім. Маған жолыққан 19 жасар Бекжан атты жі­гіт пен оның анасы Баян болды.

– Колледжде оқып жүрген ұлым 2014 жылы қаңтар айында қатты ауыра бастады. Ешкім нақты диагноз қоя алмады. 4-5 ай емшілерге қаралдық. Ақтауда, Алматыда ауруханада жатты. Алматыда МРТ-ға түсірген профес­сорлар баланың миында екі жерде ісік бар еке­нін анықтап, бір емес, екі бірдей ісікке ота жасау мүмкін болмай, шілде айында жеңіл ота жасаттық. 60 кг-дық жас жігіт 42 кг-ға дейін жүдеп, 90-100 жас­тағы қариялардай болып келді. Шашы сыпырылып түсіп қалды, тамақ іше алмайды, төсекте жатып дәрет сыдыратын жағдайға жетті. «Ішкеніміз – ірің, жегеніміз – желім» болып әрі-бері жүруіміз көбейді. Сол жылы қыркүйек айында бала қатты әлсірей бастады, жан­дәрмен шақырған «Жедел жәрдем» қызметкерлері «біз алып кеткенмен, ештеңе істей алмаймыз» деп ашығын айтты. Бірте-бірте солып бара жатқан балаға қарап жылап жүріп, дайындалудан басқа амалымыз қалмады. Әуле­тіміздің үлкендеріне, молдаға хабар бердік. Осы кезде бұрыннан маған «Әмірхан емшіге апарсақ қайтеді?» деп жүрген абысыным «Әмірханды шақырып көрейік» деген ұсыныс айтты. Бұған дейін жарты жылға жуық уақытымды емшілерде босқа өткіздім деп есептейтін мен өзіме «енді қайтып емшінің алдына бармаспын» деп уәде бергенмін. Мына қиын кезде маған бәрібір болып кетті, кімнен көмек болады деп аласұрдым. Келіп баланы қараған Әбекең «диагнозы дұрыс» деп балаға ұшық берді. Сізге өтірік, маған шын, өлім мен өмір арасында сұлқ жатқан Бекжаным 10 ми­нутта орнынан тұрды, емші ағасымен бірге асүйге барып сорпа ішіп, нан жеді. Түнде тыныш ұйықтады. Ертесіне түсте келген Әбекең: «Енді ертең кеште «Алла» деп өзің мені іздеп келесің», деп тағы ұшық берді. Ертесіне Бекжан аяқтай Ақшұқырға барды. Ем алып жүріп басының компьютерлік қорытындысын Алматыға жіберіп жүрдік. Алғашында ісік өспей тұр деген, бес курстан соң ісіктің орны қалған деген хабар келді. Таба нанға, суға, майға дем салып емдеді, Бекжанның салмағы қалпына келді, шаштары өсті. Бізден естіп, бірнеше адам осы кісіге келіп жүр, дейді қуанышты ана. Анасының сөзіне басын изеп отырған Бекжан күліп қоштасты. Ал Бостан ауылының тұрғыны Жұмағалиев Жайық аға болса асқазан мен өңеш арасына түскен аты жаман ауруға шалдыққан екен. Екі аралықтан 7 см-дей алып тастап, қарынды жоғары көтеріп, өңешке жалғаған ауыр отаны бас­тан кешірген ағайды дәрігерлер екі ай өмірі қалды деп қайырған екен. Тамақ ішпей қалған ағай Әмірхан емшінің екі ұшығын алған соң бойы жеңілдеп, төрт ұшықтан соң тәбеті ашылып сала берген.

Әмірхан емшінің ерекшелігі өзі емдеген науқастарды өздеріне диагноз қойып, емдеп жүрген ауруханаларына жіберіп, тексеруден өткіздіріп отырады. Әсіресе, жұрт жанұшырып шетелдердің – Түркияның, Израильдің, Ресей мен Германияның профессорларына барып қаралады екен. Солардың бірі – бауыры ауырған Думан есімді жігіт: «Мұрнымнан қан тоқтамайды, қайда жүрсем де, тіпті көлік жүргізіп бара жатсам да қолымнан ыдыс пен мақта қалған емес. Израильге, Тель-Авив қаласына барып, әйгілі профессор Шеволиге қаралдым. Бас-аяғы бес күнде 10 мың долларды, оған қоса әрбір кіру үшін тағы 950 долларды санап беріп, қара тиынсыз ауылға оралдым. Ақша туралы айтуымның себебі – шетелдіктер өзге елдерден келгендердің алдымен ақшасына қызығатын сияқты ма деген ой келді, сауығуы сәтіне қарай. Ең өкініштісі – дертіме дауа табылмады. Елге келген соң ешқайда бұрылмай Әмірхан ағаға келдім. Алғашқы күнгі ұшықтан-ақ мұрнымнан аққан қан тыйылды», дейді.

Қожабай Тайбағаров есімді ағамызға да ауру аяқастынан келген. Іссапардан үйге тұмауратып келген ол, бәтең­кесін шешпек болып еңкейгенде етпетінен құлайды. Дәрігерлердің берген дәрісін іше алмай, тіпті укол жүрмей, ас іше алмай қалған ол «бәленің келгені ғой» деп іштей мүжіліп жүреді. Бірде садақаға барып, үй сыртында жүрсе, қазан-ошақ басындағы бір жігіт: «Аға, бауырдан ауыз тиіңіз», депті. Өзінің ас іше алмай ауырып жүргенін жұқалап жеткізген Қожабай ағайға әлгі жігіт: «Ойбуууй, аға, іргеңіздегі Ақшұқырда Әмірхан ініңізге бармайсыз ба?» деп қалады. Алғашқы күні ұшық алған аға «маңдайдан бір сипады бұл емші, одан не болды?» деп сеніңкіремей, күпті көңілде шығады. «Келесі күні ұшықтан соң үйге кетіп бара жатсам, ішім салдырлап, астан-кестең болды. Тамақ ішкім келіп, тәбетім ашылып сала берді. Дереу үйдегілерге телефон соғып, сорпа дайындаттырып, сол күні-ақ терлеп отырып сорпа іштім», деген ағаның қуанышты әңгімесін Мұнайлы ауданының 49 жастағы тұрғыны Қазыбек Алланбаев жал­ғас­тырды.

– Аты жаман ауру ішек бойына түсті. 21 күн ұшық ал­ған соң сауығып кеттім. Бір күні Әбе­кең шақырып «үйіңнің қа­сы­нан әжетхана жасат, бірақ астын қазба» деді. «Бұл қалай болғаны?» деп таңырқағанмен, айтқанын істеу керек болды. Ертесіне әлгі әжетханаға барғаным сол екен, ішімнен ұйыған қан, әлде қара-қызыл бауыр сияқты әлдене түсті де қалды. Содан қайтып ішім ауырып, мазалаған емес, деді ол. Ауыр науқастың тырнағына ілік­кен Эльмира Эдирова Әбе­кеңнің емінен соң, бұрын өзі ем­деліп жүрген Түркияға барып, профессорға қаралса, науқастан бір белгі таба алмаған профессор «супер!» деп таңданысын бір ауыз сөзбен жеткізіпті. Емделушілер арасында онколог, хирург, уролог, гинеколог дәрігерлер де жүр екен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болатындығын жоғарыда айтып өттім, алайда оның мүмкіндігі шектеулі екені белгілі. Әмірхан Жоламанұлының өмірі, қасиеті туралы толыққанды білмек үшін анасына жолықтым. 66 жастағы Барбол ана қазақ аналарына тән мейірімділікпен, қонақжайлықпен қарсы алып, төрін ұсынды.

– Әмірханым 1968 жылы шілде айында өмірге келді. Осы балаға аяғым ауыр кезімде енем: «Ұлды боласың, атын Әмірхан деп қой», деп айтатын. Мектепте тәртіпті болды, сабақты өте жақсы оқыды. Бірақ, емшілік қасиет байқала қойған жоқ. Бұрын Жетібай ауы­лында тұрғанымызда Әмірхан жұмыс бабымен Ақтауға жиі қатынайтын. Сонда Қарақия ойпаты маңынан өте бере көлігінде ақ киімді, аса таяқты ата пайда болады екен. Ата бір күні «аяғың ауырады екен» деп, балама ем жасап кетеді. Балам ауыра беретінді шығарды, мұрнынан тоқтаусыз қан кетеді. Ата кездесетін жерден садақа бердік. Сосын көп ұзамай «ана емші сілтеді, мына емші жіберіп еді» деп адамдар келетін болды. «Менің ешқандай емшілік қасиетім жоқ, мен қалай емдеймін?» деп Әмірхан азар да безер болады. Бірде қасында бойжетіп қалған қызы бар әйел келді, балам «мен емші емеспін» деп шыр-пыры шығып оларға түсіндіріп жатыр, бірақ аналар кететін емес, отырып алды. Амалы құрыған Әмірхан ұшық беріп көрейін онда деп ұшықтап жіберді. Арада біршама уақыт өткен соң жұмыс бөлмесіне бір ер адам келіп, «мен сіз емдеген қыздың әкесімін. Ауыратын қызымды апармаған жерім жоқ, қазір сіздің еміңізден соң жазылып кетті» деген екен. Кейінен Ақтау қаласына көштік. Жұмыстан үйге келгенде Әмірхан: «Мама, жұмыстан шыға бере көлігімнің дөңгелегіне жыландар оратыла береді, үйге жақындағанда жоқ болып кетеді. Басып кетем бе деп қорқам», дейтін және өзі әрдайым әртүрлі түстер көретін де жүретін. Өзімізге алғашында Әмірханның ешқандай емшілік қасиеті жоқ сияқты көрінетін, бірақ адам көп келетін болды. Жаңай Саназар атаның асында көп ішінен бір үлкен кісі іздеп келіп, «Балам, әруақты ұстамаған бәрінен қиын болады, ұстайтын уақытың келді», деп батасын берген, содан соң ғана Әмірхан өзі мойындап, бет бұра бастады. Бірде Түрікменстанның Түрікменбашы жағында ұзақ жыл ұстаз болған, қазір Жаңаөзен қаласында тұратын әйелді көрпеге салып әкелді. Ол да көп жерлерге қаралған, бірақ дертінің дауасы түспей қалған жан екен. Әмірхан әлгі әйелге «Жазыласың, апа, 7 күннен кейін, түс қайта сағат 2 шамасында қалай болар екенсіз?» деді. Кейін аяғына тұрған әлгі әйел айтады: «6 күн өтті, ешқандай оң белгі жоқ, бұдан да ем болмайын деді ғой деп жылап жаттым. 7-ші күннің таңы атты, сол баяғы жатыс. Сағат 12-ге таман келінім 7 шелпек пісіріп, біраздан соң оны үйді-үйге таратуға кетті. Сағат 2-ге 15-20 минут қалды, менде қимыл жоқ. Сенесіз бе, дәл сағат 2.00-ді көрсеткенде жайлап ың­ғайланып көріп едім, орнымнан тұрдым да кеттім. «Өңім бе, түсім бе» деп жар жағалап, үй ішін аралап жүрдім, келінім нан таратып үйге қайтып келгенде, мен алдынан шығып тұрдым!» деп. 8 жыл бойы ұйықтамағандар есіктен келе құлап, ұйықтап кеткен кездер болды.

Жалпы, қазақтың тек ұғымы тегін емес. Тегінде қасиет, өнер, әйтеуір бір ерекшелік бар адам текке кетпейді, ол бірнеше атадан кейінгі ұрпақтардың бойынан көрінуі мүмкін. Әмірхан емші де әке жағынан Пір Бекет атаның замандасы, дін мен жын оқуын қатар білген көріпкел, емші, сынықшы Бекбаулы атаның тікелей ұрпағы болса, ана жағынан молда, емші­лер көп шыққан Қырымқұл ауы­лының жиені. Нағашы аталары Құ­ран ұстаған діндар кісілер болған екен.

– Кәріліктен басқа 99 дерттің емі бар деген рас, жүректе иман, көңілде сенім болса Алла таға­ланың кеңшілігі көп. Аллаға сену керек. Бұл қызыл дүниеге алданып, қызығына түсіп, буына пісіп жүріп Жаратқан Алланы естен шығарып алатынымыз жаман. Осыдан келіп иман жоғалады, иман жоғалған жерде небір бассыздықтардың орын алатыны белгілі, – дейді емші. «Емдеу кезінде өзіңіз қатты қиналған сәтіңіз болды ма?» десем, «аурудың бәрі оңай емес. Бірақ, мына оқиғаны айтуға болады. Бірде маған көрші облыстардың бірінде ірі көлік апатына түскен жас жігітті келіп емдеп көруге өтініш жасады. Барсам, жігіттің денесі күйреп қалған, терінің ішінде сау сүйек жоқ-ау деймін. Жеңіл-желпі сынық болмаса, мынадай айлапат сынықты көрмеген мен осы жерде қатты састым, мынаны сала алмайтын шығармын деп қорықтым да. Тек ұстап кө­рейінші деген оймен қолымды әлгі жігіттің денесіне тигізуім сол екен, терінің астынан сүйектер бүл-бүлк етіп қозғалып, орындарына түсе бастады. Өзім түсінбей тұрып қалдым. Ертесіне жігітті ауруханаға апарып рентгенге түсіргенде денесі бүтінделгеніне көз жетті, сынықтардың кейбіреу­лерінің орнынан тек сызаттар ғана байқалған. Мұны тек сіздің сұрағыңызға жауап ретінде айтып отырмын, мақтану немесе қандай да бір бөтен ойым жоқ, – дейді ол.

Өткен жылы күзде жауын-шашын болмауы салдарынан Маңғыстауда қуаңшылық болып, шаруашылыққа қиын тигені елдің есінде. Төрт түлік мал, әсіресе жылқы түлігі көбірек шығын болған еді. Араға қысты салып, көктемде әз Наурызға тұяғы, сәуірде тісі көкке жеткен мал біткеннің ырзығына кейін 3-4 күн бойы толассыз жаңбыр жауып, Маңғыстаудың даласына шөп бітік шыққан болатын. Сөйтсек, Ақтау қаласындағы ме­шіт­терді, ынта білдірген аза­мат­тарды жұмылдырып, байыр­ғы бабалардың дәстүрін сақ­тай отырып тасаттық беруді ұйым­дастырған Әмірхан емші болып шықты.

Иә, ауру-сырқаудың неше түрі шығып, оны дамыды деген ғылымның өзі еңсеріп-емдеу мүмкіндігіне жете алмай жатқан тұста, Жаратқан Иеміз өзі жәрдем қолын созып, халыққа ең қиын деген ауруды емдейтін емшіні сыйлаған болар. Кең Алла 99 аурудың емін осы әруақты пенделері арқылы жіберіп тұр-ау деген ой келеді. Әрине, өмірдің соңы өліммен аяқталатыны ақиқат, тіпті өмірге де өлу үшін келеміз. Сондықтан, ажалсыз адам болуы мүмкін емес. Әмірхан емшінің алдынан татар дәмі, көрер жарығы, мәре сызығы таусылған немесе маңдайына көрер бейнеті мол жазылған жандар болмаса, талай денсаулыққа зәру жандардың жадырап шығатынына көз жеткіздім.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

26 пікір

  1. Қазір аурулардың бірнеше түрі бар. Емшілер медицинамен бірлесе еңбек етуде. Бірін-бірі жоққа шығармай, қайта қолдап жүрсе жақсы болады, оны көріп жүрміз. Әмірхан емшіге денсаулық тілейміз, алдына келген ғаріп жандарға көмегін тигізіп, аман-есен жүре берсін.

  2. Өмірде бір адамға нақты жақсылығың өтсе ол бақыт. Ал мына кісідей еңбек ету, жақсылықтың жанында жүру керемет емес пе? Мақала да тамаша жеткізіпті. Мың алғыс.

  3. Бұл мақаланы жазған Гүлайым апайға үлкен раxмет!
    Ақшұқырда емші бар, аты Әмірxан деп естігеніме көп болды. Қашан жолым түсер екен деумен жүмін. Мамам мені апарың, аяғымды қаратам деп отырады.
    Жан-жақтан ағылып барып жатқан адамдардың да көп екенін және дертіне дауа тауып қатарға қосылып жатқаны қатты қуантып отыр. Міне мақала соның дәлелі. Ауру жанның көңіліне сенім ұялатып, жолы түсіп емін алғандарға “Шипасы тисін!” деймін. Әмірxан ағаға денсаулық берсін.

  4. Мен де апаларыммен бірге Әмірxан ағадан ұшық алуға бардым. Шынымды айтайын басында күдік болғаны рас, бір ұшықтан айығып кетеді деген тым әсірелеу деп ойладым. Емші аға xалықтың жағдайымен санасып, емін кешке бастайды екен. Жұмыстан шығып, Ақтау қаласынан апаларыммен көлікке отырып, Ақшұқырға жол тарттық.
    Ем қабылдайтын емші үйі айналасы толы көлік, сарай алды ұзына шұбақ қатарға тізілген емделуші xалық. Жасы бар, кәрісі бар, арбаға таңылғаны, таяққа сүйенгені, төрт жақтан кілемге сап көтеріп тұрғаны… Мен емделуші адамды көріп ақ көзқарасым түбегейлі өзгерді. Емшіге ғана емес, өмірге көзқарас. Шүкір еттім.
    Дертіне дауа тапқандардың сөзін естіп Құдайдың құдіреттілігінде шек жоқ қой сірә, Әмірxан ағаның еміне шүбәсіз сендім. Жай ғана маңдайдан сипап, ұшық алу үшін мыңдаған адамдардың текке тұрмағанын түсіндім. Жүзі сондай жылы, мейірімді емші ағаның құр адам емес екенін білдім.
    Айтпай келетін аурумен күресіп, барар жері, басар тауы қалмай, үміті үзілгендерге емші ағаға жолдарыңыз түссе сауығып кетіңіздер деп тілеймін.

  5. Сәлеметсіз бе, осы емші Әмірханның адресін және телефон нөмірін бересіз бе? Рахмет.

  6. Бұл мақаланы жазған Гүлайым апайға үлкен раxмет!
    Ақшұқырда емші бар, аты Әмірxан деп естігеніме көп болды. Қашан жолым түсер екен деумен жүмін. Мамам мені апарың, аяғымды қаратам деп отырады.
    Жан-жақтан ағылып барып жатқан адамдардың да көп екенін және дертіне дауа тауып қатарға қосылып жатқаны қатты қуантып отыр. Міне мақала соның дәлелі. Ауру жанның көңіліне сенім ұялатып, жолы түсіп емін алғандарға “Шипасы тисін!” деймін. Әмірxан ағаға денсаулық берсін.

  7. Мен де апаларыммен бірге Әмірxан ағадан ұшық алуға бардым. Шынымды айтайын басында күдік болғаны рас, бір ұшықтан айығып кетеді деген тым әсірелеу деп ойладым. Емші аға xалықтың жағдайымен санасып, емін кешке бастайды екен. Жұмыстан шығып, Ақтау қаласынан апаларыммен көлікке отырып, Ақшұқырға жол тарттық.
    Ем қабылдайтын емші үйі айналасы толы көлік, сарай алды ұзына шұбақ қатарға тізілген емделуші xалық. Жасы бар, кәрісі бар, арбаға таңылғаны, таяққа сүйенгені, төрт жақтан кілемге сап көтеріп тұрғаны… Мен емделуші адамды көріп ақ көзқарасым түбегейлі өзгерді. Емшіге ғана емес, өмірге көзқарас. Шүкір еттім.
    Дертіне дауа тапқандардың сөзін естіп Құдайдың құдіреттілігінде шек жоқ қой сірә, Әмірxан ағаның еміне шүбәсіз сендім. Жай ғана маңдайдан сипап, ұшық алу үшін мыңдаған адамдардың текке тұрмағанын түсіндім. Жүзі сондай жылы, мейірімді емші ағаның құр адам емес екенін білдім.
    Айтпай келетін аурумен күресіп, барар жері, басар тауы қалмай, үміті үзілгендерге емші ағаға жолдарыңыз түссе сауығып кетіңіздер деп тілеймін.

  8. Сәлеметсіз бе? Осы емші ағаның телефон номерін қалай білуге болады?

  9. Ассалаумағалейкум! Маған осы емші Әмірханның толық мекен жайы және болса ұялы телефонының номеры керек! Ем іздеген адамдар көп тек қалай табамыз?

    • Салеметсізбе Әмірхан ! Мен Тараз қаласынан хабарласып отырмын. Сізбен қлай хабарлассам болады? Маған бір хабарыңызды берінізші.

  10. Гүлайым Шынтемірқызы сәлеметсіз бе?! мақалаңызды оқып аң-таң болып отырмын. Жаңалығыңызбен бөліскеніңізге үлкен рахмет. Ағамның екі жастағы қызы бар. Екі бүйрегі бірдей солып қалған дейді дәрігерлер. Бүйрек зәр шығару қызметін атқармайды. Қызды апармаған аурухана қалмады. Кішкентай қыздың бүйрегіне труба тығып қойған сол арқылы зәр сыртқа шығады. Мен Әмірхан емшінің адресін білгім келіп еді. Көмектесе аласыз ба?

    • Гүлайым Шынтемірқызы сәлеметсіз бе?! мақалаңызды оқып аң-таң болып отырмын. Жаңалығыңызбен бөліскеніңізге үлкен рахмет. Ағамның екі жастағы қызы бар. Екі бүйрегі бірдей солып қалған дейді дәрігерлер. Бүйрек зәр шығару қызметін атқармайды. Қызды апармаған аурухана қалмады. Кішкентай қыздың бүйрегіне труба тығып қойған сол арқылы зәр сыртқа шығады. Мен Әмірхан емшінің адресін білгім келіп еді. Көмектесе аласыз ба?

  11. Осы кисинин мекен жайы болса немесе телефон номерін беринизши

  12. Амансыздар ма, ағайын. Əмірхан емшінің Нұрлыбек деген көмекшісі бар. Номері 8017808898. Сұрақтарыңызбен осы жігітке хабарлассаңыздар болады. Баршаңызға Алла сəтін салып, дерттеріңіздің дауасы түскей.

  13. Әмірхан емшінің көмекшісі Нұрлыбектің тел. номеріне хабарласа алмадық, тағы қалай хабарласуға болады?

  14. Салеметсизбе, сиз жазган Нурлыбек аганын номери истемид. Мумкин кейнги номерин билесиз? Калай ол кисимен хабарласуга болады? Акемиз онко аурумен ауырып жур, апарсак деген ой боп тур.

  15. Əмірхан аға ол Алланың бізге берген сыйы
    осылай халқымызға шипаңды беребер
    Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баратух…

  16. Салеметсиздер ма, онкологиялык аурумен ауру шед акемиз апарайык десек жолды котере алмайд. Амирхан емши агамызга суретин жиберип берсек па деп оырмыз. Осы макаланы окыганнан бери отбасымызда УМИТ пайда болды. Амирхан агамызбен калай хабарласуга болад айтып жибересиздер ма. Озимиз Караганды обл. Балхаш каласынанбиз.

  17. Салеметсизбе. Амирхан агайдын емине танти болып отырмын. Менин сурайын дегеним глаукома дерттмен анам наукастанады сол кисини апарсам деймин. Амирхан агайдын телефонын мекен жайын бере аласызба?

  18. 87785100078 Киікбайға хабарлассаңыздар болады

  19. салеметсизбе! Биз Караганды каласынан Амирхан емшиге барайын деп едик калай жету керек мекен – жайды телефон номерин бериниздерш .Катты наукас адамды апаруымыз керек .КОМЕКТЕСИНИЗДЕР!!!!

  20. Керемет қой! Алланың нұры жаусын! Бұл емші қазақтың бағына біткен ғой! Ұрпағына да емшілігі дарып, халықтың сауығуына және рухани сауығуына нəсіп етсін! Ұзақ өмір, денсаулық тілеймін! Автор Гүлайым, Сізге де Алланың нұры жаусын!,

  21. Сәлеметсіздерме. Мен Батыр Ана Түйебаева Ханыммын. Менің анам Қаражанова Несібелі 1912 жылы Шебір ауылында туылған. Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында тұрған. 08.11.2008 жылы дүниеден озды. 100 жасқа шамалағанда. Халық емшісі. Ендігі менің мәселем сіздерден сұрайтыным анам Қаражанова Несібелі жөнінде өз пікірімді жазып тарихта қалдырғым келеді. Қазір анам туралы Әзірбайжан Қонарбаев кітабын жазды. Халыққа таралды. Осы жөнінде тарихта, ел есінде қалдырғым келеді. Осы пікірді қалдырған: Түйебаев Тұқымбай зайыбы Түйебаева Ханыммын.
    87027246045 осы номерге хабарласыныз.

  22. Әмірхан емшімен қалай хабарласуға болады

Пікір жазу

Сіздің электрондық пошта мекен-жайыңыз жарияланбайды. *

*