Күндік архив: May 25, 2016

Ет

Кешегі ата қазақтан бүгінгі бала қазаққа қалған мұра молынан. Ата қазақ ұрпағына керектің бәрін әдемі үлгімен жіпке тізген маржандай етіп, шашып-төкпей, кітап жазбаса да кітапқа бергісіз ой-санада тиянақтап қалдырған. Сол үлгідегі тартымды сөз,ұлттық әдет-ғұрып, дағды-дәстүр қалыбын бұзбай халықтық жолмен сабақтастыруды салтқа айналдырған. Оған тас­падай тіліп, тасқа түсірмесе де көкейге тоқып ...

Толығырақ »

Кашмирдегі қазына

Оның арасында түркі дүниесіне қатысты әдеби мұралар мол Газетіміздің 29 сәуір нөмірінде «Кашмирдегі қазына» атты мақала жарияланған еді. Онда Сринагар кітапханасындағы түркі ғалымдарының тарихқа қатысты еңбектерінен мәлімет берілген болатын. Енді төменде әдебиет, музыка, өнерге қатысты дерек жарияланып отыр.  Заһир Фарйаби (?-1202). Кашмирдің қолжазбалар қорынан Заһир Фарйаби (1202 ж. қайтыс болған) ...

Толығырақ »

Қате тілектің азабы мен ғажабы

Өзінен кейін ұлағатты ұрпақ қал­дыру қай қазақтың да арманы. Шаңы­рақтың шаттығы, ертеңгі иесі – ұл. Сондықтан, алтын басты он қыздан бақа басты бір ұл артық. Атам заманнан санаға сіңген түсінік бұл. Осы түсінікпен өскен Зейнеп әженің өмірдегі бір өкініші – перзент туралы тілегінде еді. Ол заманда қазақ қызы өз бақытын ...

Толығырақ »

Сарғайған суреттің сыры

 Ол туралы Көкжелек ауы­лын­дағы еңбек ардагері Мұқан Сартов ақсақал айтып берді. – Өзім өнерді жақсы көрген соң өнер адамдары туралы айтылған әңгіме, жазылған мақалаларға құлақ түріп жүремін. «Егемен Қазақстан» газетінде Амангелді Сембин туралы жазылған мақала ойыма осыдан 54 жыл бұрын болған бір оқиғаны оралтып отыр. Біздің Амангелді атындағы сов­хоз мал ...

Толығырақ »

Құдайы көрші

Кейде айналамыздағы көп нәрсеге мән беріп, зейін сала қоймайтындығымыздан опық жейтініміз рас. Өкінішке қарай, қайырымдылықтың орнына қатыгездікті, адалдықтың орнына айлакерлік мен алаяқтықты, достықтың орнына дөрекілікті, бауырмалдықтың орнына жеке бастың қамын жеушілікті, елгезектіктің орнына есепке құрылған екіжүзділікті көргенде, халқымыздың байырғы салт-дәстүрінен, ұлттық тамырынан алыстап, асыл қасиеттеріміздің бүгінде көзден бұлбұл ұшып бара ...

Толығырақ »

Құмырсқалар құжырасы

Бұл көп миллионды қала жердің үстіңгі қабатының бар болғаны екі шаршы метрін ғана алады! Оның тұрғындары  – әлемдегі ең еңбекқор тіршілік иелері! Олардың тәртіпке бағына білушілігі – кез келген диктатордың арманы! Олардың ақыл-ойына тек қызығуға ғана болады! Олар – құмырсқалар! Және олар біздің арамызда тұрады. Немесе біз солардың арасында тұратын ...

Толығырақ »

Үркіншілік

1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейінгі екі жыл ішінде патша үкіметі экономикалық және техникалық салада артта қалған ел екенін түсінді.Ұрыс кезіндегі Ресейдің кейбір жеңістері жалпы жағдайын жақсарта алмады.1915-1916 жылдары бұл ел өзінің батыс жақтағы біраз иеліктерінен айырылып қалды.Соғыстағы сәтсіздіктердің орнын толтыру үшін армияға және тылдағы қара жұмысқа адам күші ...

Толығырақ »

Аға, жеңеше

(эссе-элегия) – Келдің бе? – деді Нілжан жеңешем. – Қайып ағаң сені көп күтті. – Иманды болсын. Бұлай болар деп кім ойлаған. Ауырғанын да, қайтыс болғанын да кеш естідім ғой. Көңіл айтып, Нілжан жеңешемді құшақ­­тағанда кеңсірігім жыбырлап, көзіме жас тығылды. Уақыттың тоқтау­сыз, өмір­дің соншама тұрлаусыз, өткінші, жыл­дам екенін жан дүниеммен ...

Толығырақ »

Әке тағдыры

О дүниелік болайын деп жатқан анадан төрт айлық мені өзіне аманат етіп алып, қанат­тыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелеп өсірген сүт анам туралы кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде көлемді мақалам жария­ланған еді. Ал әкем Әуке қандай адам болды? Шынын айтсам, оң мен солымды танып ер жеткенше осы сауалға тұщымды жауап таба алмай, ...

Толығырақ »

Айғайқұм

Әншi тау… Шағыл төбенiң беймәлiм үнi. Қалқан тауының қойнауындағы құм төбе ән салады, сенесiз бе, бiрде гүрiлдеп, бiрде айқайлап, бiрде әдемi әуеннiң қайырымын қайтала-ғандай… Әншi тау… Айғайқұм жұмбақ сырын iшке бүге түседi, қызық-ай, шағыл төбе ән салып жатыр… Қара желден бұтақтары дiрiл қаққан төрт түп сексеуiлдiң жанына жеткенде сәл кiдiрдiм. ...

Толығырақ »