желтоқсан | 2016 | Етжеңді

Айлық архив: желтоқсан 2016

Момышұлы серіппесі

Биылғы күз айларында Ұлы Отан соғысының бірінші жылында орын алған Мәскеу үшін шайқастың басталғанына тура 75 жыл уақыт толды. Кеңес-неміс әскерлерінің бұл бағыттағы ұрыс қимылдары екі кезеңнен құралды. Мұның бірінші бөлігі 1941 жылғы 30 қыркүйекте басталып, 4 желтоқсанда аяқталатын қорғаныс мерзімін білдірсе, екінші бөлігі 5 желтоқсаннан өріс алып, 1942 жылғы ...

Толығырақ »

Бата

Ақын Шәкір Әбенов… Жұртшылық бұл талант иесін білмейді деп айта алмаймыз. Біледі. Әсіресе, аға, орта буын өкілдері оның шығармашылығынан жақсы хабардар. Басқасын былай қойғанда, 1962 жылы жарық көрген «Таңшебер – Жапал», 1968 жылы шыққан «Ортақ арал», 1985 жылғы «Шыңғыстау сазы», 1991 жылғы «Дастандар» жинақтарымен таныс көзіқарақты оқырман Шәкір ақсақалдың ақындық ...

Толығырақ »

Тшанов майшамы

немесе 95-тің ұйқысыз түндері мен беймаза күндері хақында шын жүректен шертілген сыр Қазақстан Тәуелсіздігінің елең-алаңында ел Президентінің командасында жүріп, ел аумақтарын басқарған танымал азаматтарымыздың тобы бір шоғыр. Солардың қатарында – мемлекет және қоғам  қайраткері Амалбек Қозыбақұлы Тшановтың да есімі аталады. Әр жылдар бедерінде Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда ...

Толығырақ »

Бір суреттің сыры

Сайрамсу өзенінің бойына ел ерте заманнан қоныстанған. Егін егуге, мал өсіруге қолайлы аймақ. Солардың бірі – Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылы. Бұл елді мекеннің тарихы бай. Осы жерден кезінде 3 Еңбек Ерінің шыққандығының өзі көп жайды аңғартса керек. 1959 жылы біз сөз етіп отырған Қазақстан ауы­лына заманымыздың ...

Толығырақ »

Бес рет жараланса да…

  Адам жаны сірі-ау, өзі. Айтары жоқ, бәріне де шыдаған. Қайғы-қасі­ретті де жеңген. Мақсұт Бекния­зов есімді көке­міз кешегі Ұлы Отан соғы­сында бес рет, иә бес рет жарақат алған. Жеңілі де, ауыры да бар. Госпитальдан берілген анықтамаларды оқығанда денең түршігеді. Сөйте тұра, аз-кем күн емделіп шығып, қанды шайқасты жорыққа қайта қосылып ...

Толығырақ »

Басына толағайдың бардыңыз ба?!

Балқаш жаққа жол түсе қалғанда жанарға іліккенше тағатсыздандырып, қанша көрсең де тамсанып-таңырқаудан тандырмайтын сирек бір табиғат жаратылысы бар. Сағым ойнаған алыстан кенеттен мұнарланып, айналасындағы адыр-қыраттардан қияқтанып қол бұлғағандай, тезірек жетуге, тіпті, желпінте түсерін қайтерсіз. Жап-жазық жапан далада бір-бірімен жалғасқан бітпес бел-белестердің аясында айдынған айрықша дара кейпі көңіліңді тәтті қиялдармен тербеп, ...

Толығырақ »

Көненің көзі

Небір тауқыметтерді басынан өткерсе де мойымай, алға ұмтылған, соңғы екі ғасырға куә болған сүйегі асыл ардагерлер арамызда сиреп барады. Солардың алдыңғы қатарында қоғам қайраткері, болмыс-бітімімен, өнегесімен көпке үлгі болып жүрген Күләш Әскейқызы да бар. Бүгін біз осы бір аяулы жан туралы азды-көпті әңгіме қозғамақпыз. Ғасырға жуық өмір сүрген қарияның қимылы ...

Толығырақ »

Айханов

Атақты әдістің авторы Қажымұқан мен Балуан Шолақтан соң алаш жұрты ерекше ардақ тұтқан балуан Әбілсейіт Айханов десек, қателесе қоймаспыз. Себебі, кеңестік кезеңдегі әлемдік деңгейде сынға түсіп, олжа салған бірінші қазақ балуаны осы ағамыз болатын. Әбілсейіт алаш жұрты өз жерінде 28 пайыз болып барынша азшылыққа ұшыраған, тоталитарлық жүйе әбден күшіне мінген ...

Толығырақ »

Орамал қасиеті

Ерсілі-қарсылы ағылған көліктер, көзбен көргенде бетіңді тыржитқызар әлеміш жапсырмалар, ашық-шашық киінген адамдар мен олардың ауыздарынан еститін орысша, қазақшасы араласып кеткен қойыртпақ сөздер, бәрі-бәрі еңсеңді езе түскенде, жаныңа дәру таппай, ағымға амалсыздық танытудан аса алмай жүріп, маңдайыңа жазылған ортадан өзіңнің жаныңа жақын дүниелерді іздеуге бүйрегің бұрып тұратыны бар. Бірақ, көңіліңнің көксегені ...

Толығырақ »

Хайуанаттар бағының шақыру билеті

  Қызық, қызық болғанда сұра­маңыз! Хайуанаттар бағы­ның зоолог-маманы Несібелі Жүгінісованың мына тірлігіне таңдан­байтын пенде табылса. Оу, бұл кісіге шынымен не көрінген, а?! Анда-санда ақыл-есінің ауытқып кететіні жоқ па екен деуге, тіпті, аузың бармайды. Аузың бармағаннан бұрын әлгі күпірлік ойымды біреу-міреу сезіп қалмады ма деп қарадан-қарап мазаң кетеді. Жан-жағыңа алақ-жұлақ көз ...

Толығырақ »