Бір суреттің сыры

auezovСайрамсу өзенінің бойына ел ерте заманнан қоныстанған. Егін егуге, мал өсіруге қолайлы аймақ. Солардың бірі – Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылы. Бұл елді мекеннің тарихы бай. Осы жерден кезінде 3 Еңбек Ерінің шыққандығының өзі көп жайды аңғартса керек. 1959 жылы біз сөз етіп отырған Қазақстан ауы­лына заманымыздың заңғар жазушы­сы Мұхтар Әуезов келген. Бұл оқиға қа­лам­гердің Оңтүстікке жасаған сапары жайлы жазылған естеліктерінде айты­лады. Жазушы ауыл ардақтысы әрі абы­ройлы азамат Сыпабек Тілеуовтің ша­ңы­рағына келіп түскен. Анасы Көркем апа жас кезде Тұрар Рысқұловпен бірге өсіп­ті. Осы туралы қаламгерге көптеген мағ­лұмат айтып бергенге ұқсайды. Ал Көр­кем апаның баласы Сыпабек «Абай жо­лының» бірінші кітабындағы «Қияда» де­ген бөлімінің төртінші тарауынан үзін­ді оқып бергенде Мұхаңның көңілі кө­теріліп, риза болған екен. Бұл жайында мен ұлағатты ұстаз Сейілбек Алпаевтан, Кенже Жолымбектен естіген едім.

…Содан бері қаншама уақыт өтті. Ал империя күйреп, егемендік алға­ны­­­мызға ширек ғасырға жуықтады. Қа­­зақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақстан ауыл­ын­да жаңа дербес мектеп салынғанына бірнеше жылдың жү­зі болды. Оның жанынан ескерткіш орна­тылып, Ұлы Отан соғысында жат жер­де қалған және елге аман-есен ора­лып, бейбіт өмірде қайтыс болған май­дан­гер­лердің аты-жөндері мәрмәр тасқа қа­ша­лып жазылған. Мек­теп­­те өлкетану му­зейі жұмыс істейді. Онда ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің осы өңір­дегі сапарынан белгі ретінде біз сөз етіп отыр­ған су­рет те көрнекі жерге қойылған.

 Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Төлеби ауданы

Суретте: жазушы М.Әуезов Қазақ­стан ауылының тұрғыны Көркем әжемен әңгімелесуде. 1959 жыл

Пікір жазу

Сіздің электрондық пошта мекен-жайыңыз жарияланбайды. *

*