ӘДЕБИЕТТІҢ ӘҢГІМЕСІ

Мархабат Байғұт. Қош бол, кітап…

Ассалаумағалейкүм, алтыннан ардақты, күмістен салмақты нағашы көке! Менің кітап кеміргіш әкем, сіздің хат жазғыш жездеңіз осылай бастаушы еді ғой. Шама­мен. Жездеңіз мына жаман жие­ніңізді нағашысына тартады, жазушы болады деуші еді. Кі­таптарыңызды ауылдың әр үйіне таратып беретін. Әпкеңіз баспа бетіне шыққан суреттеріңізді аялай сипап отыратын. Жүз жиырма төрт үйлі Үй­гентас ауылы ...

Толығырақ »

Хайуанаттар бағының шақыру билеті

  Қызық, қызық болғанда сұра­маңыз! Хайуанаттар бағы­ның зоолог-маманы Несібелі Жүгінісованың мына тірлігіне таңдан­байтын пенде табылса. Оу, бұл кісіге шынымен не көрінген, а?! Анда-санда ақыл-есінің ауытқып кететіні жоқ па екен деуге, тіпті, аузың бармайды. Аузың бармағаннан бұрын әлгі күпірлік ойымды біреу-міреу сезіп қалмады ма деп қарадан-қарап мазаң кетеді. Жан-жағыңа алақ-жұлақ көз ...

Толығырақ »

Жеңге

Кәкімбек Салықовтың рухына Мынау жалпақ әлем, жарық дүниедегі жаныңа ең жақын, ыстық тартып тұратын Ел аталатын – туған топырақ, өскен өңіріндегі ес білгелі етжақыны деп таныған, қимас адамы, шеше орнына шеше болған асыл жеңгесінің ауыр хабары көңілдегі қай-қайдағыны қозғап кеткендей, буыны босап, толқып, көз жасына ерік беріп алғанын Хакен өзі ...

Толығырақ »

Шопеннің шахтадағы әуезді әні

Зеңгір көкті тіліп ұшқан ұшақ қанатының астында жап-жасыл қала жатыр жайқалып. Бұл Варшава қаласы еді. Әуежай қаланың сыртында орналасқанына қарамай, осы жерге жер бетіндегі  барлық адам баласының ынтасы ауғандай-ақ. Өйткені, Варшава – қазіргі заманғы зәулім үйлерімен өздеріне тән түрлі-түсті сәулеттерімен көз тартады. Біздің табанымыз бұл қаланың жеріне 9 мамыр күні тигендіктен ...

Толығырақ »

Топырақ

Бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін бірге оқыған, одан кейін де дәм-тұзымыз араласып тұрған Болат деген досымның қайтыс болғанынан хабар алған соң, топырақ салмақ ниетте жолға шықтым. Ойланып келемін. «Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ. Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың білемісің, өлмек үшін туғансың, ойлан, шырақ». ...

Толығырақ »

Қасқыр арбаушы

Ұбақ-шұбақ ұласқан тау сілемінің еңіске қарай созылған биік жонының қыр жел­кесіндегі үйме-жүйме жақпар тастардың тасасына Тәушен аңшы түс ауа, құлама бесіннің шамасында келіп, бірсыпыра уақыттан бері бой тасалап жатқан болатын. Жарығы біртін-біртін көмескі тартқан күн шарасы көкжиекпен жанасып ұясына қона бастаған мезгілде ол арқа жағындағы тегіс тасқа шалқая сүйеніп, аяғын ...

Толығырақ »

Классик

Сайын аға… Көзі тірісінде мақталатын ақын-жазушылар көп кездеседі. Көзі тіріде мақталу – көңілжықпастыққа да апарып жатады. Қалай дегенмен де тірідей мақталып жатқанға іштей күмәнмен де қарайтының рас. Біреуден пайда келер, біреудің қызметі жоғары болар, біреудің әулеті – дәулетті болар. Қазақы бақай қулық, бас есеппен де Абайдың: «Арсыз болмай атақ жоқ, ...

Толығырақ »

Көк көйлекті қыз

Бұл Даниярдың бес жасында болған оқиға. Айгүл кеш жатса да ерте оянды. Алыс жолдан шаршап келіп қатты ұйық­таған­дықтан болар, ұйқысы қанып қалыпты. Тұра беріп ба­йқады, жанындағы төсекте жатқан Данияр жоқ. «Таң атпай қайда кетті? – деп ойлады ол. Сыртқа шыққан Айгүл Даниярмен бетпе-бет келіп қалды. – Қайда жүрсің? – деді ...

Толығырақ »

Қанқызыл жалқан…

Қанқызыл түлкіге тазы қосып жүрген жалғыз бұл емес. Осы Нарқызылдың құйқалы жайылымын бөліп-бөліп жекешелендіріп, оның ықтасын-ықтасынына қыстау салып іріқара, жылқы, қой өсіріп отырған азды-көпті қожалықтардың қорықшылары аңдулы оны. Сонда ғой, қанқызыл түлкіні алмай қоймаймыз деп дігерлеп жүрген қорықшылар емес, қожалық иелері. Өткен қыста қайсыбір күні солар бұлардың қыстауында қосылып қалды ...

Толығырақ »

Түндігін ойдың түргенде…

1. Ым-жым ымырт, бурадай шөккен іңір, Жусан бүрлеп, жымиып көктегі қыр. Қайтқан құстар қанаты – ашылған хат. Құстар қайтып келеді – өтпелі жыр.   Өтпелі  жыр – келгені көңілге шат, Жыл құстары аспанда  – жеңіл жасақ. Қарлығаштар қасындай Жер – Ананың, Кең далаға береді өмір жасап.   Өтпелі жыр – ...

Толығырақ »