АШЫЛМАҒАН АРАЛДАР | Етжеңді

АШЫЛМАҒАН АРАЛДАР

Булгаковтың музей-үйі. «Қорқынышты пәтер»

Орыстың танымал жазушы-драматургі Михаил Булгаковтың талантына табынушы оқырманның Мәскеуге келіп тұрып, оның музей-үйі мен оған жапсарлас театрына соқпай кетуі қиын. Мұндай мүмкіндік Ресей астанасында өткен «Алтын маска» театр фестиваліне келген біздің де басымызда болды. Сондықтан оны құр жібермегенді жөн көрдік. Міне, Кремльді қаланың орталығындағы Садовая көшесі, оның 10-үйінің 4-қабаттағы 50-ші ...

Толығырақ »

Эпиграфиялық экспедиция

немесе құлпытастарда тұнған сыр   Орал өңірінде осыдан үш жыл бұрын «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры, ел тарихын терең түрде зерделеуге үнемі көңіл қойып жүретін парасат иесі Жантас Сафуллиннің бас­тамасымен Ақжайық аймағындағы құлпытастарды зерттеу жұмыстары басталған еді. Мұндағы қарлығаш-қадам елу құлпытастың тарихы мен сырын анықтаудан туған жинақтың жазылып, баспадан шығуынан ...

Толығырақ »

Құмырсқалар құжырасы

Бұл көп миллионды қала жердің үстіңгі қабатының бар болғаны екі шаршы метрін ғана алады! Оның тұрғындары  – әлемдегі ең еңбекқор тіршілік иелері! Олардың тәртіпке бағына білушілігі – кез келген диктатордың арманы! Олардың ақыл-ойына тек қызығуға ғана болады! Олар – құмырсқалар! Және олар біздің арамызда тұрады. Немесе біз солардың арасында тұратын ...

Толығырақ »

Айғайқұм

Әншi тау… Шағыл төбенiң беймәлiм үнi. Қалқан тауының қойнауындағы құм төбе ән салады, сенесiз бе, бiрде гүрiлдеп, бiрде айқайлап, бiрде әдемi әуеннiң қайырымын қайтала-ғандай… Әншi тау… Айғайқұм жұмбақ сырын iшке бүге түседi, қызық-ай, шағыл төбе ән салып жатыр… Қара желден бұтақтары дiрiл қаққан төрт түп сексеуiлдiң жанына жеткенде сәл кiдiрдiм. ...

Толығырақ »

Ойындар олимпінің оғыланы

Адамзат баласының кейбір есімінің өзінде алапат аура, қуатты күш, отты ой бар сияқты көрінеді. Қазақтың атақты тұлғаларының атын ырымдап ұрпағына қоятыны сондықтан да болар. Басқаны қайдам, АҚШ-та Майкл аттастардың даңқы дәуірлеп тұр. Әсіресе, спорт әлеміндегілердің еңсесі тым биік. Шағын мақалада барлығының жетістігін жазу әсте мүмкін емес, оның үстіне, ол біздің ...

Толығырақ »

Сталиннің  қабылдауында болған

Алаш қайраткерлері мен  қазақ зиялылары туралы  не білеміз? Бұл мәселе төңірегінде әңгіме қозғар болсақ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры Зарқын ТАЙШЫБАЙДЫҢ айтары көп. Таяуда біз ғалымға жолығып мынадай сұрақтар қойған едік. – Зақа, 6 монография, 7 оқулық пен оқу құралдарының авторысыз. Олардың ішінде «Абай және баспасөз», «Абайтану арнасында», «Мағжанның Қызылжары», «Алаш ...

Толығырақ »

«Қазмедиа холдинг» ЖШС бас директоры Еркін ЖАҚЫПОВ: «Естідіңіз бе?

– Әлемге танымал «National Geographic» журналы!.. Ол қазақ тілінде шыққалы жатыр деп естідік… – Иә. Солай. Жалпы, кез келген бұқаралық ақпарат құралының жарық көруі қоғамдық сана мен ойдың дамуына белгілі үлес қосуы тиіс. Журнал шығарудағы мақсат та осындай. Сосын қай кезде болмасын ақпарат құралы қоғамды сая­си сауаттандырудан бөлек, рухани және ...

Толығырақ »

Фима… пима…

Кездесу Келгеніме екінші күн. Елден танысым хабарласып: «Нью-Йоркте әкем бар еді, 70 жылдан бері Қазақстанға жете алмай жүр, маған виза бермейді, соған соғып кетесің бе?» деп үлкен өтініш айтып жүрген. «Қай жерде тұрады?» деймін мен, алып мегаполистің бар түкпірін білетіндей. «290-10 avenue, 28 street» дейді әлгі әпендім. Алдымен өзім университетке ...

Толығырақ »

Қазақ дәрілері

Қазір әлемде қазақ медицинасын ғылыми түрде мо­йындап, оған қажетті орта және жоғары білімді мамандарды дайындауға жағдай жасаған бір ғана ел бар. Ол – Қытай Халық Республикасы. Онда бүгінгі таңда Алтайда, Құлжада және Үрімжіде қазақ медицинасының 3 бірдей орталығы жұмыс жасап жатыр. Біз осыған орай Үрімжідегі Қазақ дәрісін зерттеу орталығының басшысы, ...

Толығырақ »

Мәскеу музейіндегі сурет

Мәскеу… Қызыл алаң… Мерекелі мамыр қарсаңы… Мемлекеттік тарихи музей… Кремль кіреберісінде орналасқан осынау мәдениет ордасында ашылған «Жеңіс» атты айтулы көрмені алғашқы көрермендермен бірге тамашалап, көңілге түрлі ой түйген едік. Мұндағы мыңдаған экспонаттармен танысу барысында еріксіз мұңға батады екенсің. Соғыс сойқандары таңбаланған талай құжаттарды табасыз бұл арадан. Кеңес солдаттары мен неміс ...

Толығырақ »