ОЙЛАСУ

Орамал қасиеті

Ерсілі-қарсылы ағылған көліктер, көзбен көргенде бетіңді тыржитқызар әлеміш жапсырмалар, ашық-шашық киінген адамдар мен олардың ауыздарынан еститін орысша, қазақшасы араласып кеткен қойыртпақ сөздер, бәрі-бәрі еңсеңді езе түскенде, жаныңа дәру таппай, ағымға амалсыздық танытудан аса алмай жүріп, маңдайыңа жазылған ортадан өзіңнің жаныңа жақын дүниелерді іздеуге бүйрегің бұрып тұратыны бар. Бірақ, көңіліңнің көксегені ...

Толығырақ »

Арлы азамат деп кімді айтамыз?

  Кейінгі кездері адамның рухани дүниесі, ұлттық ой-сана, адамдық қасиеттер, азаматтық ар жайлы жиі айтылып жүргені белгілі. Баспасөзде де бұл мәселелер жөнінде мақалалар жариялануда. Әттең, мына заман ағысы солай болып бара ма, қайдам, қазіргі адамдар арасында әйтеуір баю жолын іздеп, шарқ ұрып, бет-перделерін сыпырып тастап, нешебір қитұрқы істерге бой беріп ...

Толығырақ »

ОБАЛ мен САУАП

Ашаршылық жайлаған жылдарды басынан өткеріп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі таршылықты көру маңдайына жазылған аға буын өкілдерінің қатары тым селдіреп кеткендіктен бе, ас-судың қадірін түсіндіріп, қоғамға ой салар жамағаттың қарасы бүгінде аз. Атам қазақтың «Бір тоқтықтың – бір аштығы, бір аштықтың – бір тоқтығы болады» деген ескертпесін көпшілігіміз білгенімізбен, оның ішкі ...

Толығырақ »

Екі ақын. Екі тағдыр. Ортақ қасірет

Мағжанды түңғыш тануым 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң Қазақстанда ерекше бір дүрбелең басталды. Азаттықты аңсап алаңға шығып ұсталып қалған жастардың бәрі аяусыз жазаланып, азаматтар қара тізімге ілігіп, жауапқа тартылып, қызметтерінен алынып, жұмыстарынан босатылып жатты. Бір күні әкем үйге жұмысынан көңілсіз оралды. Әшейінде көзі күлімдеп, ақша бұлттай жарқырап жүретін әкемнің жүзі ...

Толығырақ »

Жол бойында бейіт тұр…

Біз – аруағын сыйлаған ха­лық­­­пыз. Біз – ата-баба қабі­рін қадірлеп ұстай білген ха­лық­пыз. Сол халықтың осы бір жақсы қасиеттерінен бүгінде өрескелдіктер де байқалып жүр. Сол қынжылтады. Соны айтсақ деп қолға қалам алдық. Заманның сыңайына сай халқымыз қазір кез келген шетелдердің автомашина­ларын сатып алып, мініп жүр. Ұлымыздың да, қызымыздың да машинасы ...

Толығырақ »

Құдайы көрші

Кейде айналамыздағы көп нәрсеге мән беріп, зейін сала қоймайтындығымыздан опық жейтініміз рас. Өкінішке қарай, қайырымдылықтың орнына қатыгездікті, адалдықтың орнына айлакерлік мен алаяқтықты, достықтың орнына дөрекілікті, бауырмалдықтың орнына жеке бастың қамын жеушілікті, елгезектіктің орнына есепке құрылған екіжүзділікті көргенде, халқымыздың байырғы салт-дәстүрінен, ұлттық тамырынан алыстап, асыл қасиеттеріміздің бүгінде көзден бұлбұл ұшып бара ...

Толығырақ »

Әке беделі

«…Мен көп қазақтың балалары сияқты, әкенің ісінен үлгі алып, оның қаталдығына шыдап, ананың тәрбиесімен өскен адаммын».  Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Сөз басы Тәрбие мәселесіне байланыс­ты жастармен болған бір кездесуде: «Әке қандай болуы керек? Әкенің қатал болғаны дұрыс па?» деген сұрақ қойылды. Әкенің ықпалды, талапшыл болғанының, әке өнегесімен өсудің, бала-шаға­сы үшін әкесі зор бедел ...

Толығырақ »

Сыйластығымыздың сыңайы қандай?

«Ұстаз ұлы қызмет емес, ұлық қызмет», деп Баукең, Бауыржан Момышұлы қанша дәріптесе де, шенділдер мен шекпенділер бізге пысқырып та қарамайды, көзге ілмейді», деп реніш білдіргені бар бір мұғалім ағамыздың. Көзге қораштау көрінетін осы кісінің сөзі мірдің оғындай. Сөйлетсең тілдің майын ағызып, өзіңді баурап алады, аузыңды ашып қаласың. Көпшілік бас қосқан ...

Толығырақ »

Резерват

Сұңқарқия, Андызды, Қосбүйрек, Қызылқабақ, Темірастау, Құйылыс, Байтақкөл, Жайлаукөл, Талдыкөл, шіркін-ай, жер-суға ат бергенде бабаларымыздың таңдайынан бал тамғандай, өрелі өрістерінің кеңдігіне тірі жан таңғалғандай ғой. Және сөйлеп тұрған әр атау сол жерге табаның тимей жатып-ақ қиялыңды жүйткітіп, көркін көз алдыңа әкеліп, тылсымынан сыр ұғуға көкірегіңде көзің мен саз төгетін күйің болса, ...

Толығырақ »

Емші

Асыл дінімізге қара күйе жағылып, оның әлем елдеріне жексұрын етіп жарнамалануы, оған қосымша өз ішімізден жат ағымдарды насихаттап, бұрын-соңды берісі қазақ, әрісі мұсылман жұртының ұғымында болмаған түсінік пен  тұрмысына сіңбеген дәстүр-танымдарды ұстанатын қандастарымыздың бағыты жүрекке жүк түсіріп, көңілге алаң кіргізіп тұрғаны анық. Оның үстіне «емшімін» деп ел аралап, бұқаралық ақпарат ...

Толығырақ »