ӨМІР-ӨЗЕН

Бетпе-бет

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астанада өткен үлкен жиынға қатысушылар бас шаһарымыздың көрікті жерлерін армансыз араладық. Әсіресе, Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалыс төрағасының орынбасары Сұлтан Кар­тоев пен белгілі журналист Раушан Нұғ­ман­бекова үшеуміздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болғанымыз есімде қалды. Бәріміздің көзімізге оттай басылғаны – сондағы шыны сөренің астында ...

Толығырақ »

Айханов

Атақты әдістің авторы Қажымұқан мен Балуан Шолақтан соң алаш жұрты ерекше ардақ тұтқан балуан Әбілсейіт Айханов десек, қателесе қоймаспыз. Себебі, кеңестік кезеңдегі әлемдік деңгейде сынға түсіп, олжа салған бірінші қазақ балуаны осы ағамыз болатын. Әбілсейіт алаш жұрты өз жерінде 28 пайыз болып барынша азшылыққа ұшыраған, тоталитарлық жүйе әбден күшіне мінген ...

Толығырақ »

Қос өрім

1.«Батыр баянға» жол 1975-1976 жылдары, үшінші курста оқып жүрген кезімде, бір күні ұстазымыз Рымғали Нұрғалиев аға лекция үстінде, КазГУ-дің аудиториясында Мағжан Жұмабаев туралы әңгіме айтты. – Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны! – деді. – Ол репрессияда құрбан болған, атылып кеткен! Бірақ, енді бір он бес жылда ақталады! – деді ...

Толығырақ »

1943 жылы апатқа ұшыраған ұшқыш

Оның кім екені 73 жылдан кейін белгілі болды Иә, тақырыпқа шығарып отырғаны­мыздай, бұл қайғылы оқиға 1943 жылы соғыстың өте бір ауыр да күрделі кезе­ңінде болған. Осы тұста Орал өңірімен іргелес Ресейдің Самара қаласында әуеден соққы беретін әскери ұшақтарды сынақтан өткізетін арнайы аэродром орналасқан екен. Самарадағы осы базадан көкке көтерілген шағын ...

Толығырақ »

Сахнада 50 жыл ән шырқаған Баян

Той-думан баршылық пен бәсе­кенің бақан тірегіне айналуға дәмесі күшейген мына заманда мәдени құндылықтар шетке ығысыңқырап, тасада қалды. Қаптаған әншілер, «жұлдыздар» өз мүмкіндігін неге пайдаланбасын, былайғы жұрт оңайға құмар, жылтыраған арзанға тым әуес болса. Бірақ атам заманнан жер бетін мекендейтін халықтардың баршасына ортақ, ешқашан өзгермейтін табиғи заңдылық бар: әншінің әншісі сүйіспеншілік ...

Толығырақ »

Қас қағым сәт: фотообъективте қалған бейнелер

Жақында редакциямызға ескі фотоаппаратын мойнына асып, сөмке арқалаған, бурыл шашты, егде кісі келді. Ақсақалдың сөмкесінен қопсытып шығарып, бізге көрсете бастаған фотосуреттері ә дегеннен көзімізге жылыұшырап сала бергені. Жұмыс үстеліміздің үстінде жатқан фотосуреттер әр қазаққа таныс тұлғаларымыздың ескі бейнелерін көз алдымызға әкелді. Фотосуреттер кәдімгідей өткен жыл­дардан сыр шертеді, жетпісінші-сек­сенінші жылдардың атынан ...

Толығырақ »

Қос таған

Редактор шырқаған «Үкілім-ай» немесе бұдан 57 жыл бұрын «Лениншіл жаста» өткен Абай Бейсембаевты «С.Қ.»-ға шығарып салу салтанаты 1959 жылдың бас шамасында «Лениншіл жастың» редакторлығынан «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасарлығына ауысқандағы Абай Бейсембаевпен қоштасу салтанаты осы күндерде сағынышпен ойға оралады. 1957 жылы Ташкент пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін қызыл ...

Толығырақ »

Аға, жеңеше

(эссе-элегия) – Келдің бе? – деді Нілжан жеңешем. – Қайып ағаң сені көп күтті. – Иманды болсын. Бұлай болар деп кім ойлаған. Ауырғанын да, қайтыс болғанын да кеш естідім ғой. Көңіл айтып, Нілжан жеңешемді құшақ­­тағанда кеңсірігім жыбырлап, көзіме жас тығылды. Уақыттың тоқтау­сыз, өмір­дің соншама тұрлаусыз, өткінші, жыл­дам екенін жан дүниеммен ...

Толығырақ »

Әке тағдыры

О дүниелік болайын деп жатқан анадан төрт айлық мені өзіне аманат етіп алып, қанат­тыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай мәпелеп өсірген сүт анам туралы кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде көлемді мақалам жария­ланған еді. Ал әкем Әуке қандай адам болды? Шынын айтсам, оң мен солымды танып ер жеткенше осы сауалға тұщымды жауап таба алмай, ...

Толығырақ »

Жоқтау

Нұры пейіште шалқығыр ауылдасымыз Ажар апай жақсы адам еді. Басынан кешкен, адам төзбестей көрген бұл дүниедегі қорлығы шаш-етектен-тін. Кешегі сондай аштық, соғыс кезіндегі қорлық қоғамда өмір сүріп жүріп, адам­гершілік, ұлттық қасиеттерінен бірде-бір ауыт­қымады. Жолшыбай кез келген тозығы жет­кен ауылдың іргесінен өтіп бара жатқанда көңі­лім құлазып, жаны сірі сол Ажар апайды ...

Толығырақ »