ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ | Етжеңді

ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ

Көненің көзі

Небір тауқыметтерді басынан өткерсе де мойымай, алға ұмтылған, соңғы екі ғасырға куә болған сүйегі асыл ардагерлер арамызда сиреп барады. Солардың алдыңғы қатарында қоғам қайраткері, болмыс-бітімімен, өнегесімен көпке үлгі болып жүрген Күләш Әскейқызы да бар. Бүгін біз осы бір аяулы жан туралы азды-көпті әңгіме қозғамақпыз. Ғасырға жуық өмір сүрген қарияның қимылы ...

Толығырақ »

«Өмір шіркін, қалар емес жарыстан!»

Бір өмірдің тоғыз бетінен тұратын фрагменттер Халқымызда «көнекөз», «көнеқұлақ» деген сөздер бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» оған: көп жасаған, көпті көрген, арғы-бергіден хабары мол, біраз нәрсенің жөнін білетін қария, көкірегі ояу, сөзі сара қарт деген сипаттағы анықтама берілген. Академик, философия ғылымдарының докторы Досмұхамед Кішібеков міне, осындай жан. 91 жасқа келсе ...

Толығырақ »

Радио арқылы танысып, махаббаттары жарасқан

зайсандық Нәзигүл Шәрібаева мен аралдық Серік Өтепов 24 жыл тату-тәтті өмір сүруде Тағдыр зайсандық Нәзигүл Шәрібаева мен Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғыны Серік Өтеповке  батпандай ауыртпа­лық­ты арқалатып жіберген сыңайлы. Екеуі де шыр етіп дүние есігін ашқан­да  мүгедек болып туды. Алайда, рухтары күшті, келешек­тері­нен үміт күткен екеуі де мойы­мады, қаншама қиын ...

Толығырақ »

Ізгі із

Жаңақорған дегенде шипа сыйлаған шипажай елестейді, одан мыңдаған науқастың мұ­ңын шешкен мақтаулы межесі мен­мұндалайды. Ал осы игілік көзінің бір кездері бойын тіктей алмай, тай­ғақтап, тығырыққа тірелген тұсы да болған. Ол ол ма, есігінен қара құлып қарсы алатындай келешегі күдікті кезі де кездесті. Әупірімдеп әл жиып, аяғынан тік тұруы қиял-ғажайып ертегінің ...

Толығырақ »

Иманды адам –  ибалы адам

Бүгінгі күннің талабы – адамдық. Адамдықтан кетсең, адалдықтан тайсаң – құрдымға құлайсың. Адалдық, азаматтық – бұл да биікте тұруға тиіс. Азаматтықтан ауытқысаң сенімге селкеу түседі. Осындай ұлы қасиеттерден жаңылсаң оның түбі алжасуға апарады. Біз – тәуелсіз елдің азаматтарымыз. Осы елдің көк Туын биіктете беру – әрқайсымыздың парызымыз. Ол үшін алда ...

Толығырақ »

Мазасыз жүрек иесі

  Әбдіғани Жиенбаев туралы сөз  1966 жылы Өзбекстан Республикасы­ның Сырдария облысында Ғафур Ғұлам атындағы өзбек-қазақ педагогикалық институты қала типтес Сырдария поселкесінде, мектеп-интернаттан босатылған ғимарат орнында ашылды. Тамыз айының басында өзбек, қазақ, ағылшын және математика факультеттеріне студенттер қабылдау жұ­мысына ректор, мен және бухгалтер үшеуіміз қызу кірісіп кеттік. Төрт факультетке әрқайсысына 50 ...

Толығырақ »

Шайырдан шыққан ұшқыш

Жауынгерлік қасиет қанында бар қазақ халқының ұлдары мен қыздары екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Олар өзен мен батпақ кешіп, қар жамылып, мұз жастанып, ең қиын деген әскери тапсырмаларда жүрді. Жаудың әрбір қимылын қалт жібермей, қырағылық­пен қағып түсетін «сұр мергендеріміз» де аз болған жоқ. Оғы таусылған сәтте тікелей ...

Толығырақ »

Атты әскер командирі

Саналы ғұмырын әскери салаға арнап, шетте өткізген қазақ азаматының беймәлім өмір жолдары мен қазіргі ұрпағы туралы Полк командиріне дейін көтерілген Шал ақын ауданының /бұрынғы Сергеев/ тумасы Дүйсенбаев Биқан жайлы етжақын туған-туыстары ғана білетіні болмаса, облыс ауқымында аты-жөні аталып, ұлықтала бермейді. Оның сыры 1910 жылы шалғайдағы елді мекенде туған ауыл баласының саналы ...

Толығырақ »

Сарғайған суреттің сыры

 Ол туралы Көкжелек ауы­лын­дағы еңбек ардагері Мұқан Сартов ақсақал айтып берді. – Өзім өнерді жақсы көрген соң өнер адамдары туралы айтылған әңгіме, жазылған мақалаларға құлақ түріп жүремін. «Егемен Қазақстан» газетінде Амангелді Сембин туралы жазылған мақала ойыма осыдан 54 жыл бұрын болған бір оқиғаны оралтып отыр. Біздің Амангелді атындағы сов­хоз мал ...

Толығырақ »

Ғарыш перзенті

Я есть море, и море во мне Жак-Ив Кусто Ұлы физика ғылымы аш­қан, тегінде, анық дерек, ай­қын жайт, қала берді, асыл ақиқат бар. Баяғы бір бағзы замандарда, піл сауырлы қара Жер, жеті қат көк аспан, жұлдыздар салған Құс жолы, тіпті, тарыдай шашылып жатқан қисапсыз ғаламшар, саны жоқ есепсіз ғарыштар, шексіз ...

Толығырақ »