ШЕШІЛМЕГЕН ТҮЙІТКІЛДЕР

Жомартқа жарнаманың керегі жоқ!

Жақында nur.kz сайтынан мәрттіктің мәртебесін асқақтатып, іріліктің үлгісін көрсеткен өнеге туралы оқыған едік. Есімі белгісіз алматылық бір кәсіпкер 240 науқас балаға тегін мүгедек арбасын сыйлапты. Бұл туралы өзінің атын айтудан бас тартқан кәсіпкердің көмекшісі хабарлаған.  «Балаларға арналған мүгедек арбасын тарату жұмысы маған тапсырылды. 1 ай ішінде Алматы қаласы мен Алматы ...

Толығырақ »

Қор болған қос кәсіпкер

Бұл ерлі-зайыпты кісілер «Егеменге» сонау ерте көктемде келген болатын. Біреулерге сеніп, сан соғып қалып, үлкен шығынға батқан қос кәсіпкердің мұңын тыңдап, құжаттарымен танысып, басымызды шайқағанбыз. Сөйтіп, әділдік іздеп келген ақ жаулықты ананың тірлігіне араша түспекке бел байлап, ақшасын алып, үй соғып беремін деп алдап кеткен жанға телефон шалдық. Обалы не ...

Толығырақ »

Шоманды «жаман»  қылу кімге қажет?

Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінде Шоман атты ауыл бар. Ауылдың өте ертеден келе жатқан, кеңес дәуірі де өзгерте алмаған бұл атауы осы өңірдің атақты тұлғасы, «қара қылды қақ жарған» қазыналы биі, бабамыз Шоман Қазанұлының есімімен байланысты. Шоман Қазанұлы 1751 жылы Баянауылда туған. Баянауыл округінде старшина, кейін би болған. Баянауыл округінен ...

Толығырақ »

Әлсіздер тұтылып, әлділер құтылды. Неге?

 «Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: әлсіздер тұтылып, әлділер құты­­лып кете береді». Қоғам қайраткері, халық жазушысы Шер­хан Мұртаза «Бір кем дүние» кітабында осылай деп толғаныпты. Әрине, заңда тұрған не бар? Тәуелсіз еліміздің заңдары тайға таңба басқандай ап-анық, рет-ретімен, бапқа, тармаққа бөлініп жазылған. Тек соны бұзып, бұрмалайтын кімдер? Шер-ағаңның да тұспалдап айтып ...

Толығырақ »

Аралас неке

Оның салдары кейін ауыр болуы мүмкін Осыдан бірер жыл бұрын Қызылжар өңірінде үлкен бас­шылық қызметтер атқарған бір азамат дүние салды. Марқұмның мәйітін мұсылмандар зиратына апарып қою ұйғарылды. Оның еліміздің басқа өңірінде жоғары лауазымға ие болып жүрген ұлы әкесінің мәйітін бейіт басына аса сәндеп істелген ағаш табытқа салып әкелген екен, молдалардан ...

Толығырақ »

Төбет пен Тазы

Қазақ аңшылық өнерінде өзіндік орны бар осы мәселені ретке келтіру керек Ұлттық құндылықтарымыздың бірі болып табылатын қазақы төбет пен тазының болашақ тағдыры туралы соңғы кездері аз айтылып жүрген жоқ. Еліміздегі көзіқарақты көптеген азаматтардың осы бір күрмеуі қиын өзекті мәселеге ұлтжандылық тұрғысынан қарап, қатты алаңдаушылық білдіруі тегін болмаса керек. Өйткені, алып ...

Толығырақ »

Көрдемше

– Атың кім? – «Пәленше». – Кімнің баласысың? – Мамамның? – Әкеңнің есімі кім? – … Шын мәнінде, оның әкесі кім? Бұл біреулер үшін ғана емес, бүкіл қоғамға қойылуы тиіс сұрақ. Ал бұған лайықты жауап берер мүмкіндігіміз бар ма? Меніңше, осы мәселеде айтар уәжіміз мардымсыз… Әлемде Тәңірден берілген рухани асыл ...

Толығырақ »

Қайыршылар

Рухани әлсіздік Қайыршылар… Қоғамдағы әлеуметтік топтың бірі. Қазақ қоғамында олардың түр-түрі бар десек қателеспейміз. Осы тұрғыдан келгенде проблема да жетерлік. Мәселе әр тараптан талай рет қарастырылды, жазылды, айтылды. Бірақ өз қайратынан күдер үзіп, қоғамнан көмек күтуге көшкендер көбеймесе, азаяр емес. Басынан бастайық. Wikipedia мәліметтері қайыршыларға: «Өзінің тек биологиялық тіршілік етуін ...

Толығырақ »

Неке

Ол – үлкен жауапкершілік Күні кеше бірін-бірі сүйіп қосылған жастардың ажырасып, жанжалдасып немесе дүние-мүлік, тұрғын үйге таласып, жаға жыртысып жататынына қандай баға береміз?! Мүмкін «заманына қарай адамы» демекші, уақыт ағымына байланысты жастар психологиясының өзгеруі ме? Әлде, батысқа еліктеуден туған түсінік пе… Ерлі-зайыптыны бір-бірінен бездіретін, ажырасудың «ауылын» сездіретін себеп­тердің бірі – ...

Толығырақ »

Ялта конференциясы

Осыдан дәл 70 жыл бұрын одақтас державалар – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының Ялта (Қырым) конференциясы болған еді. Онда соғыстан кейінгі дүниежүзі елдерін үш державаның ықпал ету ауқымы бойынша қалай бөлісу мәселелері қарастырылды. Сөйтіп, адамзат тарихындағы ең қанқұйлы, ең ауыр соғыста жеңіске жеткелі отырған аса ірі үш одақтас мемлекет бейбіт ...

Толығырақ »