ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

«Мекалай заманы»

1917 жылдың ақпан айында Ресейде жүзеге асқан Ақпан төңкерісі дүниежүзілік маңызы бар оқиға болды. Ол империяны 300 жылдан астам уақыт (1613 жылдан бері) жеке-дара билеп, патшалықтың тағында мызғымай отырған Романовтар әулетін төңкеріп, билікті Уақытша үкіметтің қолына алып берді. 1894 жылдан бастап 23 жылға жуық тақта отырған ІІ Николай тақтан өз ...

Толығырақ »

Әбілқайырдың аты сұранып-ақ тұр

Әбілқайыр хан туралы кеу-кеулеп, алуан түрлі жағымсыз әңгімені қоздатқанмен, Қажы сұлтан ұр­па­ғының қазақ тарихындағы ор­ны бө­лек. Орыс патшасының бо­дан­ды­­ғына бас ұрды деу – орынсыз жа­з­ғыру. Сол заманда орыспен одақ­таспаса, қазақтың болашақ тағ­дыры қалай болатынын бір құ­дай біледі. Әбілқайырдан бұрын оры­с патшасымен одақтас болуға Тәуке хан да ұмтылған жоқ па? Тарих ...

Толығырақ »

Алаш альбомы

Қостанайда татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың жиеншары София Забирова апай тұрады (1-сурет). Жол­да­сы марқұм Жұмабек Аңсағанов екеуі геология саласында жемісті ең­бек етті. Бүгінде әжей 82 жасқа толды. Сәл аурудың шаршатып тұрғаны бол­ма­са, кәрілікке мойымаған, әлі күн­ге әңгімесінен білімділікпен қатар, тек­ті­ліктің, зиялылықтың нышаны еседі. Апай­дың тегі Тоқайдан қалай та­­рай­­ды дер­сіз. Ғабдолла ...

Толығырақ »

Сүйінбике

1.Мұнара Қазанның хандар қорымы аталатын жота биігінде Сүйінбике мұнарасы ерекше назарға ие. Мұнараның басын мұң торлағандай жабыңқы күйі бір қарағанда, жалғызсырап тұрғандай әсерге бөлейді. Өйткені, ол көзге оқшау көрінеді және айтылар әңгімеде, шертілер сырда аяулы Сүйінбикенің аянышты тағдыры өріліп жатқандықтан болар… Қазанға барған сапарымызда жергілікті ғалым, жазушы сынды зиялы қауым ...

Толығырақ »

«Смағұлдан басқамыз аманбыз!»

  ОГПУ-дың тергеу материалдарында Алаш зиялылары Смағұл Сәдуақасұлы, Тұрар Рысқұлұлы және Сұлтанбек Қожанұлымен қатынасы тақырыбына ерекше көңіл аударылған.   Тергеушілердің анықтауға тырысқаны, әрине, ұлт-азаттық қозғалыстың аға және кейінгі жас буын қайраткерлері арасындағы сабақтастық байланысты анықтау болғандығы түсінікті. Бұл тақы­рып­қа алғашқылардан болып біршама көрсетулер берген Дінше Әділев болды. Ол сол тұстағы ...

Толығырақ »

Момышұлы серіппесі

Биылғы күз айларында Ұлы Отан соғысының бірінші жылында орын алған Мәскеу үшін шайқастың басталғанына тура 75 жыл уақыт толды. Кеңес-неміс әскерлерінің бұл бағыттағы ұрыс қимылдары екі кезеңнен құралды. Мұның бірінші бөлігі 1941 жылғы 30 қыркүйекте басталып, 4 желтоқсанда аяқталатын қорғаныс мерзімін білдірсе, екінші бөлігі 5 желтоқсаннан өріс алып, 1942 жылғы ...

Толығырақ »

Соғыс тұтқыны қалай легионер атанды?

  Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің дипломын алған күні достарым: «Сен екі бірдей университетті тәмамдадың. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – Хамза Абдуллиннің университеті», – деп құттықтаған еді. Мұстафа Шоқайдың жолымен жүрген, Мағжан Жұмабаевтың шәкірті, Шота Руставелидің атақты поэмасын аударып, грузин халқының ыстық ықыласына бөленген Хамза Абдуллинмен қалай ...

Толығырақ »

73 жыл сақталған «Алтын куәлік»

  Әкемнің төсқалтасынан тастамайтын был­ғары күмәжнігінде төрт бүктелген, жылтыр ақ қағазға моңғол тілінде алтын әріптермен жазылған бір құжат сақтаулы жүретін еді. Мұның не екендігін сұрағанда ол кісі: «Бұл «Алтын куәлік», – дейтін. – Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағына көмек көрсеткен адамдарға Үкіметтің берген құжаты. «Егер бастарыңа іс түсіп, қиыншылық ...

Толығырақ »

Антропогенез сыры

Палеолит, неолит, плейстоцен және өзге дәуірлерде адамзаттың планета бетіне таралып, түбегейлі қоныстануына жол ашқан ұлы көштер мен миграциялық үдерістер, тарихи тұрғыдан келгенде, әлі де толық сыры ашыла қоймаған антро­погенез ақтаңдақтарының қатарына жата­ды, Өйткені, ол мәселелерге қатысты ғылым әлемінде қалыптасқан жалпы мәліметтер болғанымен, антропогенездің күллі сырын ашатын әмбебап та жүйелі зерттеу ...

Толығырақ »

Айжарық

Өркениеттің ұлы дәнекері және айқын дәлелі – көркем сөздегі көшпелі сюжет, қазақы мәнердегі «қыдырма сюжет» (А.Байтұрсынов) болып табылады. Ол – Шығыстағы жапон мен күнбатыстағы Румның арасындағы ұлан кеңістіктің арасын ғана жалғастырып, бір-бірін көрмек түгілі атын естімеген ұлт пен ұлыстың рухани құндылықтарынан бір біріне мағлұмдар етті. Руханияттар үндестігінің сенімді әрі тұрақты ...

Толығырақ »