ЖҰМЫР ЖЕР

Жанболат Аупбаев. Каспий теңізіндегі аң

Бұл мақұлық кім-кімге де кино мен суретті кітапшалар және жан-жануарлар әлемі туралы фотоальбомдардан жақсы таныс болса керек. Біз оны алғаш рет 1976 жылы қара күзде Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасынан көргеніміз бар. Теңіз тамағындағы Винтер деп аталатын жайылма су айдынында әлдебір тіршілік иелері бастары қылт-қылт етіп жүзіп жүрді. Жанымыздағы облыстық ...

Толығырақ »

Рузи Иран

Сыртқы істер министрлігінен хабар алдық. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және өзіміздің Қазақстаннан жасақталған журналистер корпусы құрамында Иран Ислам Республикасына жолымыз түсетін болыпты. Бұл бас­пасөз турын ұйымдастырушы «Fars News» ақпараттық агенттігі екен. Мақсаты – мемлекеттілігіне 2545 жыл толған, сол уақыт аралығынан бері әлемдік өр­ке­ниетке өзіндік үлесін қоса білген ел­дің бүгінгі өмірін өзі ...

Толығырақ »

Басына толағайдың бардыңыз ба?!

Балқаш жаққа жол түсе қалғанда жанарға іліккенше тағатсыздандырып, қанша көрсең де тамсанып-таңырқаудан тандырмайтын сирек бір табиғат жаратылысы бар. Сағым ойнаған алыстан кенеттен мұнарланып, айналасындағы адыр-қыраттардан қияқтанып қол бұлғағандай, тезірек жетуге, тіпті, желпінте түсерін қайтерсіз. Жап-жазық жапан далада бір-бірімен жалғасқан бітпес бел-белестердің аясында айдынған айрықша дара кейпі көңіліңді тәтті қиялдармен тербеп, ...

Толығырақ »

Алтайдағы Аустрия жолы

  Таяуда осыдан 100 жыл бұрын Шығыс өңірінде тау қопарып, тас қашаған бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары туралы деректі фильм түсірілді Өр Алтайды араласаңыз, қос сауырындағы катонқарағайлықтар да, марқакөлдіктер де асқақ асуларды асатын «Аустрия жолы» аталатын көне соқпақтың болғанын айтады. Алтай жыршылары Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей шығармаларында бұл туралы там-тұмдап жазылған. ...

Толығырақ »

Қазақстан және Жапония: Жарқын болашаққа ортақ көзқарас

  1991 жылы желтоқсанның 28 жұлды­зында Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін танып, 1992 жылдың басынан дипломатиялық қатынастар орнағаннан бастап екі мемлекет арасындағы экономикалық, гуманитарлық байланыс жылдан жылға өркендеп келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы сәуір айындағы Жапонияға  іссапары барысында «Біріккен мәлімдеме» қабылданса, Елбасының 1999 жылғы желтоқсандағы сапарында «Достастық, серіктестік және ынтымақтастық ...

Толығырақ »

Ауа мен Дауа

Көрші елдің экология зардаптарын жою жөніндегі тәжірибесі хақында Қимастық пен қиындық Шанхайға жеткеніме үш айдан асты. Мұнда ақпан айының өзінде-ақ   күлімдеп көктем келген. Бұл шаһар наурыздың ортасында жазды шығарып тастады. Күн жылы, көшеде көйлекшең жүрміз. Аспан шайдай ашық, қаланың үсті көк күмбезбен көмкерілгендей. Кейде түнде шыңдары көкке шаншылған зәулім ғимараттардың ...

Толығырақ »

Кашмирдегі қазына

Оның арасында түркі дүниесіне қатысты әдеби мұралар мол Газетіміздің 29 сәуір нөмірінде «Кашмирдегі қазына» атты мақала жарияланған еді. Онда Сринагар кітапханасындағы түркі ғалымдарының тарихқа қатысты еңбектерінен мәлімет берілген болатын. Енді төменде әдебиет, музыка, өнерге қатысты дерек жарияланып отыр.  Заһир Фарйаби (?-1202). Кашмирдің қолжазбалар қорынан Заһир Фарйаби (1202 ж. қайтыс болған) ...

Толығырақ »

Тамсандырған Тәжмахал!

Санаңды сарсылтып шапақтайтын ләззат-сезім өшу орнына өрши түссе, өңіңде ғана емес, түсіңде де дегбіріңді қашырып, деміктіргендей күйге бөлесе, күйдіртіп күңірентсе, кеміріп тұрып, кенет көңілдендірсе, шаттық елеспен жүрек шаңын қағып, іле арман әлдиін алыстата, қою мұңға малып-малып алса, әне, сенің аңсарыңның – анық асқынғаны, алпыс екі тамырыңда махаббат қаны тасқындады! Бұл ...

Толығырақ »

Дүниеге Аяз бидің көзімен қарайық

Адам баласы жаратылғалы бері соғыстан көз ашпай келеді десек, күнәһар бола қоймаспыз. Күнә­һар – сол соғысқа түрткі бол­ғандар. Ал қасіреттің алдын алу – парасаттылардың, бейбітшілікті асқақтата білетін тұлғалардың еншісіне тиеді десек қателеспеспіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит аясындағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғанындай, «Жер өркениеті, ...

Толығырақ »

Меккедегі мінәжат

Алып ұшқан көңілімнің иірімдерін, тағатсыздана соққан жүрек қағы­сын, өрекпіген ой-тол­қын­дарын көркем сөзбен өр­нек­теп кестелеу қиынға соқса да ислам туған Меккеге, сол ислам діні қанатын жайған Мәдина шаһарына жол түскеніне ерекше алабұртып, тебіреніп қолыма қалам алуға тура келді. Олай дейтінім, Меккеде уахи түсіп, пайғамбарлық бас­талса, Мәдина қаласы ислам дінінің кең жайылуына ...

Толығырақ »